Денсаулық сақтау министрлігі 5 қарашадағы эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат таратты.
Министрік мәліметінше, елімізде коронавирус пен коронавирус белгілері бар пневмониядан тағы 27 адам қайтыс болған.
Мәліметке сәйкес, коронавирус инфекциясын жұқтырудың жаңадан 1 328 жағдайы, пневмонияның 116 жағдайы тіркелген. Ел бойынша коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың ресми саны 947 250-ге жетті.
Коронавирусқа қарсы вакцинаның I компонентін 8 390 029 адам, II компонентін 7 651 170 адам салдырған.
Қостанай, Павлодар, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстары "Қызыл" аймақта.
Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстары "Сары" аймақта тұр.
"Жасыл" аймақта Шымкент қаласы, Ақтөбе, Атырау, Алматы, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау облыстары "Жасыл" аймақта орналасқан.
Пікір қалдыру