29 Қараша, 2021 Әлем
Фото: Ашық дереккөз
Ядролық келісімнің бұзылуына жол бермеу үшін Венада Иранмен маңызды келіссөздер қайта басталады.
АҚШ экс-резиденті Дональд Трамп 2018 жылы келісімнен шығып, Вашингтон санкцияларын қалпына келтіргеннен кейін Иран негізгі міндеттемелерді бұзған.
АҚШ-тың қазіргі президенті Джо Байден егер Иран міндеттемелерді бұзуды тоқтатса, санкцияларды алып тастауға дайын екенін жеткізді. Бірақ Иран бірінші қадамды АҚ жасағанын қалайды.
Батыс дипломаттары Иран уранды байыту бағдарламасында айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізгенін айтады. Сондықтан шешімді келіссөздер жүргізуге уақыт таяп қалғанын ескертті, себебі бұл ядролық бомбаға апаратын жол.
Ал Иран өзінің ядролық бағдарламасы толығымен бейбіт мақсатта екенін алға тартады.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір