29 Қараша, 2021 NEWS
Көрнекі сурет
Қазгидромет алдағы күндерге арналған ауа райы болжаным жариялады.
Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстан аумағынан аязды тудырған суық антициклон біртіндеп шыға бастайды.
"Оның орнына Қара теңіз аудандарынан жылы Батыс циклоны келеді, онымен жауын-шашын (жаңбыр, қар), төмен бұрқасын, көктайғақ күтіледі, сондай-ақ ауа температурасының біртіндеп жоғарылауы болжанады.. Күндіз Қазақстанның солтүстік жартысында 0-5 градус жылу, оңтүстікте 10-15 жылу, Түркістан облысында 20 градус жылу болады деп күтілуде. Тек 2 желтоқсанда ғана елдің батыс өңірлеріне кезекті антициклон ауысады, онымен температураның аздап төмендеуі күтіледі: түнде 5 градус аяздан 5 градус жылуға дейін, күндіз 3 аяздан 5 градус жылуға дейін көтеріледі. Маңғыстау облысында 10 градус жылы, республиканың солтүстік-шығысы мен оңтүстік өңірлерінде жауын-шашынсыз ауа райы болады" делінген ақпараттық хабарламада.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір