06 Қаңтар, 2022 NEWS
Фото: Ашық дереккөз
Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Кәрім Мәсімов Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы лауазымынан босатылды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
"Мемлекет басшысының Жарлығымен Кәрім Қажымқанұлы Мәсімов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы лауазымынан босатылды", - делінген ресми хабарламада.
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің жаңа басшысы болып Ермек Сағымбаев тағайындалды. Бұған дейін ол Мемлекеттік күзет қызметін басқарған.
Кәрім Мәсімов ҰҚК басшылығына 2019 жылы тағайындалған болатын.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір