Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасарын тағайындады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
"Мемлекет басшысының өкімімен Берік Садықұлы Құнанбаев Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары – "А" Арнаулы мақсаттағы қызметінің директоры лауазымына тағайындалды", - делінген хабарламада.
Сондай-ақ, президент өкімімен Әнуар Төлеуханұлы Садықұлов Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары – "А" Арнаулы мақсаттағы қызметінің директоры лауазымынан босатылды.
Пікір қалдыру