Кәрім Мәсімов қызметінен алынды

/image/2022/01/06/crop-132_11_607x809_7069e54ab4fb5af8.jpeg

Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Кәрім Мәсімов Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы лауазымынан босатылды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Кәрім Қажымқанұлы Мәсімов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы лауазымынан босатылды", - делінген ресми хабарламада.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің жаңа басшысы болып Ермек Сағымбаев тағайындалды. Бұған дейін ол Мемлекеттік күзет қызметін басқарған.

Кәрім Мәсімов ҰҚК басшылығына 2019 жылы тағайындалған болатын.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар