• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 19:28:29
Алматы
+35°

ҰҚШҰ күштерінің ресейлік бітімгерлері бар Ил-76 және Ан-124 ұшағы Қазақстаннан ұшып кетті. Бұл туралы Ресей қорғаныс министрлігі хабарлады.

Ria.ru ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Қазақстандағы Ұжымдық бітімгершілік күштерінің ресейлік бөлімшелері Ил-76 және Ан-124 ұшақтарына әскери техниканы тиеп, Алматыдан ұшып шыққан.

ҰҚШҰ бітімгерлері елімізден 13 қаңтардан бастап  шығарыла бастады. Министрлік ақпаратына сай барлық бітімгерлік күштер елден 10 күнде шығуы тиіс.

5 қаңтарда президент Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі жаппай тәртіпсіздікке байланысты ҰҚШҰ-дан көмек сұрап Қазақстанға бітімгерлік күштерді кіргізуге өтініш білдірген. Кей ақпараттарда президент мұндай қадамға өз қауіпсіздік органдарымызға сене алмағандықтан барғанын жазады. ҰҚК төрағасы мен оның екі орынбасары бүгінде отанға опасыздық жасады деген күдікке ілініп тергеліп жатып

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір