Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жаппай тәртіпсіздік кезінде екі мыңға жуық адам ұсталғанын мәлімдеді. Бұл туралы ол Twitter парақшасында жазды.
Тоқаев Бас прокуратураға күдіктілердің кінәсі қандай дәрежеде екенін анықтауды тапсырды.
2 қаңтарда Маңғыстау облысының тұрғындары сұйытылған газдың қымбаттауына байланысты митингке шығып, ұзамай елдің өзге өңірлерінде де халық наразылығы өткен. Бейбіт митинг түрінде басталған наразылық шараларының соңы жаппай тәртіпсіздікке ұласқан. Соның салдарынан Алматы, Талдықорған қалалары қатты зардап шекті. Тәртіпсіздіктер кезінде әкімдік ғимараты өртенді, Президент резиденциясы басып алынды. Дүкендер, сауда орталықтары, банк кеңселері мен банкоматтар тоналды.
Наразылық кезінде зардап шеккендер, адам шығыны болған оқиғалардың жалпы саны жарияланбады.
Пікір қалдыру