24 Қаңтар, 2022 NEWS
Фото: Ашық дереккөз
Ұлттық статистика бюросының басшысы Нұрболат Айдапкелов қызметтен кетті. Бұл туралы Ақорда сайты хабарлады.
"Мемлекет басшысының өкімімен Нұрболат Серғалиұлы Айдапкелов Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының басшысы лауазымынан босатылды" делінген ақпараттық хабарламада.
Нұрболат Айдапкелов Ұлттық статистика бюросын 2020 жылғы 28 қазаннан бері басқарған. Оған дейін Ұлттық экономика министрлігіне қарасты Статитика комитетіне жетекшілік еткен.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір