• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

03 Қазан, 14:53:18
Алматы
+8°

Павлодар облысы полиция департаментінің басшысы болып Василий Скляр тағайындалды. 

Василий Скляр бұған дейін Екібастұз қаласы полиция департаментіне басшылық еткен. Ол Қазақстанның бірінші вице-премьері Роман Склярдың туған інісі.

Павлодар облысы полиция департаментін бұрын Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовтің жақын туысы Нұрлан Мәсімов басқарған. Ол 17 қаңтарда қызметінен алынған.

Кәрім Мәсімовтің өзі 6 қаңтарда ұсталып, Нұр-Сұлтан қаласы Тергеу сотының шешімімен 2 айға қамауға алынған. Кеше Мәсімовтің ісі "өте құпия" деген санатта жүргізіліп жатқаны белгілі болды. Оған мемлекетке опасыздық жасады, билікті күштеп басып алуға бағытталған әрекетке барды, билікті асыра пайдаланды деген айып тағылған.

Мәсімовпен бірге ҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасары – "А" арнайы мақсаттағы қызметінің бастығы А.Садықұлов пен ҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасары Д. Ерғожин тергеліп жатыр.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір