• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 19:23:56
Алматы
+35°

НАТО Бас хатшысы Йенс Столтенберг Ресейден шиеленісті азайтатын нақты әрекет көріп тұрмағанын мәлімдеді.

Ол Брюссельдегі мәлімдемесінде Ресей әскерлерінің Украина шекара маңынан шегіндірілгені туралы ешқандай дәлел көрмегенін жариялады.

Алайда Столтенберг Мәскеу "дипломатияны жалғастыру керек" деп сыңай танытқанын айтты.

Путин дүйсенбіде дипломатияға ашық екенін білдірген. Ол Мәскеу Украина маңында ірі әскери жаттығуларын жалғастырып жатқанымен, кейбір ресейлік күштер жаттығуларды аяқтағаннан кейін кері қайтатынын хабарлады.

Сейсенбіде Германия канцлері Олаф Шольцпен бірлескен баспасөз мәслихатында Путин Ресейдің әскери басшылығы әскери жаттығулар өтіп жатқан аймақтардан "әскерлерді ішінара шығару туралы шешім қабылдағанын" айтты.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: НАТО Ресей

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір