Ұлыбритания: Ресей армиясы тарапынан шегінудің айқын белгілері жоқ

/image/2022/02/16/crop-6_7_424x750_33nbgydxfb2lwg9s_1639581492.jpeg

Бұған дейін Ресей тарапы Украинаға жақын маңдағы әскерлерін шегіндірп жатқаны туралы ақпарат жариялаған.

Ресей әскерлерінің бір бөлігінің шығарылатыны туралы сейсенбі күні таңертең Ресей қорғаныс министрлігінің баспасөз хатшысы генерал-майор Игорь Конашенков хабарлаған.

Ұлыбритания әскери шегінудің әлі ешқандай айқын белгілерін көрмегенін атап өтті.

Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон журналистерге соңғы барлау мәліметтері туралы айтып, "біздің бүгін көріп отырғанымыз әлі де көңіл көншітпейді" деді. Ол Ресейдің Украина шекарасы маңында және Беларусьте далалық ауруханалар салып жатқанын атап өтті. Джонсон Ресейдің бұл әрекеттерін "тек (шабуылға) дайындық ретінде түсінуге болады" деді.

"Украинамен шекарадағы өте жақын жерде батальондық тактикалық топтар көбірек. Мәскеу кез келген сәтте (Украинаға) соғыс ашуға үлкен дайындық бар. Менің ойымша қазіргі уақтта бір біріне ұқсамаған әр түрлі сигналдар бар" деп түйіндеді ол.

Соңғы айларда Ресей Украинамен шекараға 100 000-нан астам әскері мен әскери техникасын орналастырды, бұл Батыс елдері үшін "Мәскеу көршісіне басып кіруі мүмкін" деген қорқыныш тудырды. Ал, Ресей ықтимал шабуыл туралы жоспарларды жоққа шығарып келеді.

 

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар