25 Наурыз, 2022 NEWS
Фото: Ақорда сайты
Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Қасым-Жомарт Тоқаевтың былтырғы атқарған қызметі туралы үштомдық жинақ жарыққа шыққанын хабарлады. Сөзінше жинаққа президенттің ішкі саяси іс-шараларда, шетелде өткен жиындарда сөйлеген сөздері және оның отандық, халықаралық мәселелерге қатысты үндеулері мен мәлімдемелері қамтылған. Жинақты президентінің баспасөз қызметі құрастырған. Осы және қаңтар оқиғасынан кейін президент айналасында болып жатқан өзге де жағдайларға қарап, ел ішінде бұл жүйе Тоқаевтан екінші Назарбаев жасауды бастап кетті деген әңгімелер айтыла бастады.
Н.Назарбаев елді билеген 30 жылда президентке жағыну, оны мақтау, мадақтау, жылы сөз, ән, өлең арнау, оған байланысты арнайы бастамалар көтеру, ұсыныс айту белең алды. Түрлі теңеулер дүниеге келді, тұңғыш президентті әспеттеген тіркес, ұйқас сөздер шықты. Ресми жиын, іс-шаралардың бәрінде дерлік Назарбаевтың сөздерінен цитата келтіру әдетке айналды. Осылайша, Назарбаевтан культ жасалды.
Енді міне, қаңтар оқиғасынан кейін билікке толықтай қолы жеткен Тоқаевқа байланысты сондай жайттар байқалып, тарих қайталанып бара жатқандай.
Мәселен, күні кеше ғана президент жолдауы Африкадағы Эфиопия елінде талқыланғаны туралы ақпарат шықты. Жиын барысында Қазақстанның Эфиопиядағы елшісі Барлыбай Садықов президент жолдауының негізгі бағыттарын айтып, Қазақстандағы саяси жүйенің түбегейлі өзгеруі, "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасын іске асыруға бағытталған әлеуметтік-экономикалық реформалар туралы айтып берген.
Назарбаев тұсында да президент жолдауынан кейін оны қолдау шаралары жаппай өтетін. Жолдау туралы "елдің дамуын, бағыт-бағдарын айқындайтын стратегиялық құжат, "дамудың даңғыл жолына бастайтын құжат" деген сөздер көптеп айтылатын.
18 наурызда "Жаңа Қазақстан" жастар қозғалысы құрылуына орай ұйымдастырылған арнайы фестивальде "Наш президент – тигр" ("Біздің президент – жолбарыс" – қазақша) деген лозунг айтылғаны әлеуметтік желіде өткір сынға тап болды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Артынша жиынға студенттерді мәжбүрлеп апарғаны туралы ақпараттар шықты.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
6 наурыз күні президенттің баспасөз қызметі жүргізетін БОРТ N1 телеграм каналында Тоқаевты "01" деп атады.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір