• USD 466.44

  • EUR 487.71

  • RUB 8.56

  • CNY 69.65

01 Шілде, 22:12:31
Алматы
+25°

Ақын әрі қоғам қайраткері Олжас Сүлейменов Алматы қаласында баспасөз конференциясын өткізіп, бұрынғы "Қазақстан халық конгресі" партиясын жандандыратынын мәлімдеді. Бұл туралы Ulysmedia.kz. сайты хабарлады.

Партияның негізгі мақсаты – елді халықпен бірлесе отырып дамыту, шағын кәсіпкерлікке көңіл бөлу және шағын бизнес өкілдеріне жеңілдіктер жасау. Бастамашыл топ алдағы уақытта партияны тіркеу процесін бастап, әділет министрлігіне ынталы топ тізімін ұсынбақ.

Олжас Сүлейменов баспасөз конференциясында елдегі тіл саясатына байланысты да пікірін білдірген. Ол "орыс тілінен бас тартқан Украина өз мемлекеттігінен айырылып қалды" дейді

– Халық монотілді болуы керек дегенмен кез келген саясаткер келіспейді. Бұл – мүмкін емес жағдай. Біз совет одағы кезінде көптілді мемлекет ретінде қалыптасып қойдық. Өз ойымызды қазақ тілінде де, орыс тілінде де жеткізе аламыз. Сол себепті екі тілдің бірін шеттетуге болмайды. Бұл – зиян. Біз қазір Украинада не болып жатқанын көріп отырмыз. 2014 жылы дарынсыз саясаткерлер украин тілін елдегі жалғыз заңды тіл деп жариялап, орыс тілін заңды статусынан айырды. Қазір соның зардабын шегіп, Украина өз мемлекеттігінен айырылып отыр, – дейді Олжас Сүлейменов.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір