• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

03 Қазан, 15:31:44
Алматы
+8°

Биыл ШҚО-да шаруалар күннің күрт жылуына байланысты егіс жұмыстарын жылдағыдан ерте бастады. 2022 жылы ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алаңы 1393,3 мың га құрап,  өткен жылмен салыстырғанда диқандар игеретін алқаптар көлемі 14,6 мың га артты.

Биыл шаруаларға мемлекет тарапынан  бөлінген субсидия көлемі едәуір артып, берекелі еңбек етуге ынталандырып отыр. Көктемгі егіс және егін жинау жұмыстары нәтижелі жүргізу үшін ағымдағы жылы облыстық бюджеттен 6 миллиард теңге субсидия бөлінді. Өз кезегінде  бұл 2021 жылғы деңгейден 577 миллион теңгеге артық.

Өңірде дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар 601,9 мың га, оның ішінде күздік дақылдар 36,5 мың га, майлы дақылдар 484,7 мың га, азықтық дақылдар 274,4 мың га, картоп 19 мың га, көкөністер мен бақша өнімдері 13,3 мың гектар жерге екті.

2022 жылдың өніміне барлық дақылдардың тұқымын себу көлемі 109,9 мың тоннаны құрады. Облыс аграрийлері көктемгі дала жұмыстары қарсаңында дәнді, бұршақ дақылдары және картоп тұқымдарымен толық қамтамасыз етілген.

Сонымен қатар көктемгі дала жұмыстары басталғанға дейін барлық тұқым материалы сапа көрсеткіштері бойынша тексерілген болатын. Көктемгі егіс жұмыстарының басталуына облыс шаруашылықтарында тракторлар, егіс және топырақ өңдеу техникалары толық дайындықпен келді.

Белгіленген жұмыс көлемін орындау үшін Павлодар мұнай өңдеу зауытынан тоннасына 212 мың теңге (180,0 теңге/литр) босату бағасы бойынша 33 мың тонна арзандатылған дизель отыны бөлінді. Бөлінген 33 мың тонна дизель отынының көлемінен наурыз айына 5 мың тонна, сәуір айына 12 мың тонна, мамыр айына 11 мың тонна және маусым айына 5 мың тонна бөлінбек. Операторлар үшін сату бағасы 1 литр үшін 198-ден 205 теңгеге дейін болады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір