• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 03:39:23
Алматы
+35°

Дауыс беру күні қоғам қайраткерлері мен мәдениет қайраткерлері үлкен белсенділік танытты.

Олардың арасында әнші Сәкен Майғазиев те бар:

Фото: Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

"Екі ай ішінде елімізде референдум бойынша ақпараттық жұмыс жүргізілді. Жаңа Қазақстан - әділетті Қазақстан дейді. Мен бүгін өз таңдауымды жасап, дауысымды бердім", - деді ол.

Фото: Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Танымал скрипкашы Жәмила Серкебаева Ұлттықкітапхана ғимаратында орналасқан № 254 сайлау учаскесінде дауыс берді.

Фото: Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

"Нұр-Мұқасан" тобының солисі Мұқасан Шахзадаев та осы күні өз дауысын берді. "Мен дауыс беруге келдім. "Жаңа Қазақстанды" құру үшін әркім өз таңдауын жасауы керек", - деді ол.

 Фото: Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

"Жігіттер" тобының солисі Бағлан Әбдірайымов дауыс берді, Инстаграмда оның қатысуымен фото жарияланды.

 Фото: Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Актриса, тележүргізуші Майя Веронская пост жариялады:

"Біздің еліміз әрдайым гүлдене берсін!", - деді ол.

Қазақстандық танымал режиссер Ақан Сатаев өзінің Инстаграмдағы парақшасында референдумға қатысатыны туралы айтып, фотоны  жариялады.

 Фото: Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Әнші Бүркіт (Айбек Жансейтов) өзінің сайлау учаскесінде дауыс берді. "Біздің елімізде бәрі жақсы болсын!", - деді ол.

 Фото: Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Танымал белсенді және блогер Анна Торосян №261 мектеп-гимназиядағы №51 сайлау учаскесінде дауыс берді. Өзінің Инстаграмында Анна сайлау учаскесінде көптеген жастар дауыс беретінін атап өтті.

"Біз өзгерістерді қалаймыз, барлығы жаңа Қазақстанда өмір сүргісі келеді. Сондықтан бүгінмен үшін және еліміздің барлық жастары үшінбұл өз азаматтық ұстанымын көрсетуге, өз пікірін білдіруге, қазақстандық қоғамның белсенді бөлігіне айналуға үлкен мүмкіндік", - деп жазды Анна Торосян Инстаграм-аккаунтында.

Фото: Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Тамақтану академиясының президенті Төрегелді Шарманов референдумда дауыс берді. "Бұл референдум бәріміз үшін өте маңызды. Барлық  жауапкершілікпен, балаларымыздың болашағы үшін өз атымнан дауыс бердім", - деді ол.

 Фото: Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Әртіс Роман Ким де өз дауысын берді.

"Мен мемлекеттік Республикалық академиялық корейтеатрының әртісімін, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесімін және қазақстандық эстрада әртісімін! Бүгін мен өз мемлекетімнің тағдырына қатысуды азаматтық парызым деп санаймын, еліміздің жарқын болашағына сенемін! Қазақстан Республикасының әрбір азаматы шетте қалмауы, әркім өз таңдауын жасауы тиіс! Мен жаңа Қазақстанға дауыс бердім!",- деді Роман Ким.

Сондай-ақ референдумға мыналар да қатысты:

Актриса Альмира Тұрсынбаева

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері СәулеДосжан референдумда дауыс берді

Әнші Айдар Тұрғанбек

Композитор Алтынбек Қоразбаев

ҚР еңбек сіңірген қайраткері Игорь Благодарный

ҚР еңбек сіңірген қайраткері, әнші Шахзадаев Мұқасан

Әнші Луина (Луиза Каринбаева)

Жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет

Актер Азамат Сатыбалды

Ақын Мұратхан Шоқан

Суретші-карикатурист Еркін Нұразхан

Актер Бақыт Тушаев

Ақын Бауыржан Жақып

Ақын Серік Қалиев

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Референдум

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір