• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

13 Қыркүйек, 07:20:54
Алматы
+35°

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Жамбыл облысы бойынша аумақтық департаменті білім беру саласындағы бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатқанын мәлім етті.

Антикор ақпаратынша, департамент қызметкерлері "Жас маман" жобасы шеңберінде бөлінген 171 млн теңгеден астам сомаға бюджет қаражатын жымқыру фактісін анықтаған.

Жобаның мақсаты колледждер мен жоғары оқу орындарын неғұрлым сұранысқа ие 100 кәсіп бойынша жаңғырту және білікті мамандар даярлаудың халықаралық тәжірибесін енгізу болатын.

Қазіргі уақытта қылмыстық іс шеңберінде бірқатар жедел-тергеу іс-шаралары, оның ішінде тиісті сараптамалар жүргізіліп жатыр. Оолардың нәтижелері бойынша қылмыстық іс бойынша процестік шешім қабылданатын болады.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: жемқорлық

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір