Көрнекі сурет
Қазақстанның көптеген өңірлерінің ауа-райына оңтүстік циклон әсер етеді. 16 шілдеде солтүстік-батыста, 16-17 шілдеде солтүстікте, 17 шілдеде республиканың шығысында найзағай ойнап, қатты жел соғып, қатты жаңбыр, кей жерлерге бұршақ жаууы мүмкін. Бұл туралы Қазгидрометтің 16-18 шілдеге арналған ауа райы болжамында айтылған.
"Демалыс күндері солтүстік-батыс антициклонның жотасы еліміздің батысы мен оңтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райына ықпал етеді. Елдің оңтүстігінде шаңды дауыл күтіледі" дейді синоптиктер.
Күндізгі ауа температурасы төмендегідей болады деп күтіліп отыр:
♦ батыста +30+40°С;
♦ солтүстік-батыста +25+40°С;
♦ оңтүстік-батыста +36+45°С;
♦ оңтүстікте +33+42°С;
♦ оңтүстік-шығыста +20+35°С;
♦ солтүстіке + 24+33°С-тан +20+30°С-қа дейін, арасында +27+38°С-тан +23+33°С-қа дейін;
♦ шығыста +21+33°С-тан +16+28 ° С-қа дейін.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір