• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 13:39:05
Алматы
+35°
 

Бұқаралық ақпарат құралдарында жақында 70 жасқа толатын Ресей президенті Владимир Путин ауыр сырқатқа шалдыққаны туралы расталмаған ақпарат көптеп таралып жүр. Алайда АҚШ Орталық барлау басқармасының басшысы Уильям Бернс ақпаратты растайтындай ешқандай барлау дерегі жоқ екенін айтады.

"Путиннің денсаулығы туралы қаңқу сөз көп. Бірақ біздің білуімізше, ол – сап-сау" деді Бернс Колорадода өткен қауіпсіздік форумында.

Ресейде елші болып істеген Бернстың айтуынша, Путин мемлекет басшысы ретінде Ресейді қайтадан ұлы державаға айналдыруды өзінің тағдырына балайды.

– Путин мақсатына көрші елдерге ықпалын күшейту арқылы жеткісі келеді. Украинаны бақылауына алуға тырысу, сол діттегеніне жетудің бір амалы деп бағалайды, –  дейді ол.

Бернс АҚШ барлау деректерінің негізінде Ресейдің Украинаға басып кіру туралы жоспарын алдын ала білгенін, 2021 жылғы қарашада Мәскеуде болып, Путинге Украинаға басып кірудің салдары ауыр болатынын ескерткенін айтты. Алайда ол Путиннің берген жауабы оны қатты алаңдатқанын жеткізді. Оның сөзінше, Путиннің жоспары қате пайым мен шындықтан алшақ, әсіресе Украинаның қарсыласуға деген ерік жігерін жете бағаламаған көзқарасқа құрылған.

Дереккөз: ВВС

 
 
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір