Жоғары сот 19 шілде күні Астана қаласы сотының 2016 жылғы 9 желтоқсандағы Сейтқазы және Әсет Матаевтарға қатысты үкімінің күшін жойған.
Матаевтар 2016 жылы сотталған. Қылмыстық іс КазТАГ ақпарат агенттігін тартып алу мақсатымен ұйымдастырылған. Олардың ісін қазақстандық және шетелдік құқыққорғаушылар саяси астары бар деп таныған. Айыптаудың бір тармағы да дәлелденбегеніне қарамастан, сот айыптау үкімін шығарған. Матаевтарды тапсырыспен қудалауға қатысушылардың бірде-бірі әлі күнге дейін жазаға тартылмады. Ақталғаннан кейін бұл отбасыға тиесілі тәркіленген дүние-мүліктер түгел қайтарылады.
Пікір қалдыру