17 Мамыр, 2022 NEWS
Фото: Алматы қаласы "Қоғамдық келісім" мекемесінің баспасөз қызметі
16 мамырда Алматы қаласындағы Республикалық Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясынан ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Вакиль Набиев құрамына ҚХА-ның жас мүшелері, этномәдени бірлестіктердің жастары, ЖОО ЖІК көшбасшылары, еріктілер және т. б. кіретін Алматы қаласы бойынша "Ассамблея жастары" РҚБ өкілдігінің жастарымен кездесті, деп хабарлады Алматы қаласы "Қоғамдық келісім" мекемесінің баспасөз қызметі.
Кездесу алдағы референдумға және ҚР Конституциясына енгізілетін түзетулерді түсіндіруге арналды.
Депутатпен пікірталасқа белсенді қатысып, ҚР Конституциясына енгізілетін түзетулер мен өзгерістерге қатысты көптеген сұрақтар қойған жастар осы арқылы саяси реформаларға деген жоғары қызығушылығын көрсетті.
Жиын барысында әңгіме біртіндеп елдің болашағы мен жаңа Қазақстанның құрылысына қатысты, оның қалыптасуында жастарға қандай рөл берілетіні туралы неғұрлым кең тақырыптарға ауысты.
Сондай-ақ әңгіме барысында Парламент Мәжілісі депутаттарының білім беру, медицина, кәсіпкерлік, әлеуметтік қызметтерді дамыту, жастарды патриотизмге тәрбиелеу, мемлекеттік тілді одан әрі дамыту, азық-түлік бағасын реттеу, жастардың бәсекеге қабілеттілігі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет және т.б. бағыттағы жұмыстары талқыланды.
Кездесуге қатысушылар жекелеген қызмет салаларында жастарды одан әрі дамыту бойынша бірқатар ұсыныстар енгізді.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір