10 Тамыз, 2022 NEWS
Фото: Polisia.kz
Қостанай облысы Жамбыл ауылында жоғалып кеткен 5 жасар Мадина Ерланқызының денесі табылды. Ол су қоймасына батып кеткен, деп хабарлады ІІМ-нің ресми интернет ресурсы.
Мадина Ерланқызының мәйіті дронның көмегімен табылған.
Мадина 7 тамыз күні таңғы 7:00 шамасында Қостанай облысы Жамбыл ауылындағы үйінің терезесінен белгісіз бағытқа шығып кеткен.
Бүлдіршінді арнайы мамандармен қатар жергілікті тұрғындардан тұратын жүздеген адам бірнеше күн бойы іздеген. 5 жасар қыз аутизммен ауырған еді.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір