• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 23:55:12
Алматы
+35°

«Қайғылы Қантар: От пен оқ арасында» деректі филімінің үшінші сериясы осы бейсенбіде, сағат 18:20-да шығады

Журналистік зерттеу жанрындағы авторлық фильмнің мақсаты – Алматыдағы қаңтар оқиғасына қатысты алып-қашпа әңгімелерді ысырып тастап, жағдайдың қалай болғандығын оқиға хронологиясын қалыпқа келтіру арқылы шындыққа көз жеткізу, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бүкіл ел үшін нағыз сынаққа айналған трагедия туралы 5 сериялы фильм эксклюзивті сұхбаттар мен бұрын белгісіз болған фактілерді ұсынады. Ең бастысы, қанды тәртіпсіздіктер мен жан түршігерлік бүлікке әкелген наразылық шерулерінің егжей-тегжейлі хронологиясын жаңғыртады.

Қайғылы қаңтардың бастауында не жатқанын, бандиттердің әкімдік, әуежай мен полиция бөлімін қандай мақсатпен басып алғысы келгенін оқиға орнында болған қатысушылар мен куәгерлер баяндайды. Қаңтардағы бей-берекеттік кімге пайдалы болды және бұл қиын жағдайда ел тұтастығы қалай сақталғанын түсіну үшін журналистер сол кездегі оқиғаларға өзіндік талдау жасады.

Осы бейсенбі, 15 желтоқсан, сағат 18:20-да «Алматы» телеарнасында, сондай-ақ YouTube арнасында «Қайғылы Қантар: От пен оқ арасында»  деректі филімінің үшінші сериясын өткізіп алмаңыз.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір