• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

08 Қазан, 10:17:11
Алматы
+8°

Сотталған Қайрат Сатыбалдыұлы жазасын өтеп жатқан колонияда әлі жұмыс тапқан жоқ. Бұл туралы Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Tengrinews.kz басылымының ресми сауалына берген жауабында айтылған.

Ведомство мәліметінше, Сатыбалдыұлы биыл қазан айынан бастап Өскемендегі №22 орта қауіпсіздік мекемесінде жазасын өтеп жатыр. Әкімшілік өкілдері сотталушының мінездемесін әлі жасамаған, себебі ол заңмен белгіленген ең төменгі мерзімді өтемеген.

"Қылмыстық-атқару жүйесі органдарының қызметін реттейтін құқықтық актілерге сәйкес, сотталушының мінез-құлық дәрежесі мен тұлғалық ерекшеліктері мекемеде тоғыз айдан кейін қалыптасады. Сотталған Қайрат Сатыбалдыұлының тәртіптік жазасы жоқ" делінген ОКЖ төрағасының бірінші орынбасары Сағат Мәдиевтің қол қойылған ресми жауапта.

Сатыбалдыұлы әлі жұмысқа орналаспағаны, ал оның денсаулық жағдайы туралы ақпарат құпия екені айтылды.

"Қазір сотталған Қайрат Сатыбалдыұлы №22 мекеменің кәсіпорындарында бос жұмыс орындарының болмауына байланысты жұмысқа орналасқан жоқ. Денсаулық сақтау кодексіне сәйкес, медициналық қызметкердің жеке медициналық деректері, медициналық көмекке жүгіну дерегі, адамның денсаулық жағдайы туралы мәліметтер және оны тексеру және емдеу кезінде алынған басқа да мәліметтер медицина қызметкерінің құпиясы", - деп толықтырды министрлік.

Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалды "Қазақтелеком" АҚ-ның қаржысын жымқырды деп айыпталып, 6 жылға бас бостандығынан айырылған.

Ол кәнәсін мойындап, келтірілген залалды мемлекетке қайтару арқылы анағұрлым "жұмсақ" сот үкіміне – соттау мерзімін жартысын дейін қысқартуға қол жеткізген.

Сот шешіміне сай, оның дүние-мүлкі тәркіленіп, 10 жылға мемлекеттік құрылымда қызмет етуге тыйым салынды. Сондай-ақ ұлттық қауіпсіздік органының генерал-майор шені, "Құрмет", "Парасат" орденьдері қайтып алынды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір