09 Қаңтар, 2023 NEWS
Фото: Ашық дереккөз
Ақтау маңында жанармай құйылған цистерна жарылуынан зардап шеккендердің бірі жансақтау бөлімінде қайтыс болды, деп жазады lada.kz порталы.
Басылым мәліметінше, жансақтау бөлімінде жатқан екінші адамның жағдайы ауыр.
"Өкінішке қарай, бір науқас қайтыс болды. Зардап шеккен екінші адам 1981 жылы туған азаматтың жағдайы ауыр. Дәрігерлер қолынан келгеннің бәрін істеп жатыр" деп хабарлады Маңғыстау облыстық аурухананың баспасөз қызметі өкілдері.
Қайтыс болған азамат 1989 жылы туған.
7 қаңтарда сағат 21:00 шамасында Ақтау маңындағы "BBJ GROUP" ЖШС көлік компаниясының базасында жанармайға толы цистерна жарылған болатын. Салдарынан екі адам түрлі дене жарақатымен облыстық ауруханаға жеткізілген. Қазіргі күні апаттың себебі анықталып жатыр.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір