2022 жылы қазақстандықтарға республикалық бюджеттен 2,9 трлн теңгеден астам сомаға зейнетақы төленді, оның ішінде базалық зейнетақыға 883,7 млрд теңге, ынтымақты зейнетақыға – 2 022,6 млрд теңге жұмсалды, деп хабарлады ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
2022 жылғы желтоқсанда республикалық бюджеттен зейнетақы төлемдеріне 247,4 млрд теңге, оның ішінде базалық зейнетақыны төлеуге – 75,4 млрд теңге, ынтымақты зейнетақыны төлеуге – 172 млрд теңге бөлінген.
2023 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша зейнеткерлер саны – 2 млн 295 мың адам.
2023 жылдың 1 қаңтарында жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 108 761 теңгені құрады, оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері – 74 950 теңге, базалық зейнетақы – 33 811 теңге.
Министрлік 2018 жылғы 1 шілдеден бастап мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі зейнетақы жүйесіндегі өтілін ескере отырып, әр алушыға жеке тағайындалатынын еске салады. Бұл ретте 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ынтымақты жүйеде жұмыс істеген уақыты, сондай-ақ, міндетті зейнетақы жарналары (бұдан әрі – МЗЖ) төленген кезеңдер зейнетақы жүйесіндегі еңбек өтіліне қосылады.
Пікір қалдыру