• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

03 Қазан, 15:06:28
Алматы
+8°

Демалыс күндері Қазақстанның үш қаласында митинг өтті. Митингке шығушылар әртүрлі мәселе көтеріп, наразылық білдірді. 

8 сәуірде Астана қаласында феминистік ұйымдар зорлық-зомбылыққа қарсы митингке шықты. Митингке шыққандар қатарында ерлер де болды. Зорлық-зомбылыққа қарсы күреске шақырған наразылық білдірушілер "Шыдама", "Азат әйел", "Кейде үй ең қауіпті мекен" сынды ұрандар жазылған плакаттар ұстап, наразылық білдірген. 

9 сәуірде Атырау қаласында "Мұнайшы" стадионының алдына жиналған тұрғындар экологиялық митинг өткізді. Қала бірнеше күн бойы қамыс өртінен қою түтінге тұншығып отыр. Шерушілер қала әкімішілгіне наразылық білдірді. Олар қолдарына "Ауа жұт, Атырау", "Экология кірістен де қымбат" сынды плакаттар ұстаған.

9 сәуірде Алматы қаласындағы Республика алаңында Рысбек Сәрсенбай мен Мұхтар Тайжан бастаған Халықтық парламент өкілдері сайлау нәтижелеріне қарсы митинг өткізді. Екі сағатқа созылған митинг нәтижесінде Халықтық парламент қаулы қабылдап, митинг аяқталысымен бейбіт түрде тарады. 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір