11 Шілде, 2023 NEWS
Фото: ҰҚК
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәліметінше, 24 маусымда арнаулы мақсаттағы бөлімшенің жұмылдыруымен Алматы қаласында қоғамға қауіпті ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталған.
Арнайы операция барысында топтың 5 мүшесі ұсталып, олардан Калашников автоматы, Макаров тапаншасы, жауынгерлік граната, мылтық пен синтетикалық сипаттағы есірткі тәркіленді.
Топ мүшелері денсаулыққа ауыр зиян келтіру, аса ірі көлемдегі есірткіні сату мақсатында сақтау, қару мен оқ-дәріні заңсыз тасымалдау және сақтау бойынша күдікке ілінген. Үш күдікті тергеу сотының рұқсатымен топ мүшелері қамауға алынып, қалғандарына қатысты қажетті тергеу іс-қимылдары жүргізіліп жатыр.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір