Астанада олимпиадалық спорт түрлерін дамыту дирекциясының басшысы қамалды

/image/2023/07/11/crop-1_10_253x449_7c5d4071-a302-4ac7-9271-24befcfb4393.jpeg

Астана қаласы әкімдігінің "Спорттың олимпиадалық түрлері бойынша спортты дамыту дирекциясы" директоры бюджет қаражатын жымқырды деген күдікпен ұсталған. Қазір Қаржылық мониторинг агенттігі тергеу жүргізіп жатыр.

Тергеу мәліметтеріне сәйкес, 2020-2023 жылдар аралығында ол шетелде де, республика ішінде де оқу-жаттығулар мен жарыстарға бөлінген іс-сапар шығындарын асыра көрсету арқылы ақша жымқырған. Іс жүзінде жұмсалған ақшадан айырма түрінде алынған қаражатты КММ басшылығы алып отырған.

Соның нәтижесінде мемлекетке 70 млн теңге шығын келтірген.

 

 

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар