Қаржы министрі 2023 жылғы 4 шілдедегі "Арақтар мен арнайы арақтардың, шығу тегі қорғалатын белгісі бар арақтардың, күшті алкогольдік ішімдіктердің, коньяк пен брендтің ең төменгі бөлшек сауда бағаларын белгілеу туралы" бұйрыққа қол қойды.
Бұйрық бойынша 2023 жылғы 1 шілдеден бастап 2023 жылғы 30 қыркүйекке дейінгі кезеңге ең төменгі бөлшек сауда бағалары:
- арақтар мен арнайы арақтар, шығу тегі қорғалатын белгісі бар арақтардың литрі 1980 теңге;
- коньяк брендтері литріне 2930 теңгеден басталады.
2023 жылдың 1 қазанынан бастап ең төменгі бөлшек бағалар мынадай болады:
- арақтар мен арнайы арақтар, шығу тегі қорғалатын белгісі бар арақтардың литрі 2100 теңге;
- коньяк брендтері литрі 3110 теңге.
Бұйрық 2023 жылдың 1 шілдесінен бастап күшіне енді.
Пікір қалдыру