12 Шілде, 2023 NEWS
Фото: ҰҚК баспасөз қызметі
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәліметінше, 4 шілдеде ведомство қызметкерлері Ішкі істер министрлігімен бірлесе отырып, Алматы, Орал және Ақсай қалаларында екі қылмыстық топты ұстаған.
Бопсалау, бұзақылық және тонау бойынша күдікке ілінген қылмыстық топтың 20 мүшесі ұсталды. Тінту шараларының нәтижесінде атыс және суық қарулар, есірткі тәркіленді.
Алдын ала мәлімет бойынша, күдіктілер бас пайдалары үшін бейбіт азаматтарды қорқытқандары белгілі болды. Жапа шеккендер физикалық зорлық-зомбылықтан қауіптеніп, ішкі істер органдарына жүгінбеген.
Қылмыстық топтың құрамында бұрын сотталғандар мен деструктивті діни ағым өкілдері болған. Олардың бір-бірімен текетіресте болғандары және белгілі бір аймақтарда өз әмірлерін жүргізу үшін қару қолдана отырып, қақтығыстарға барғандары белгілі болды.
Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір