Төтенше жағдайлар вице-министрі Марат Күлдіков өз еркімен отставкаға кетуге өтініш жазды. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі мәлімдеді.
"Марат Күлдіковтің өз еркімен қызметінен босату туралы баянат жазғанын растаймыз. Қазіргі таңда оның лауазымнан босауын мақұлдау процедурасы жүріп жатыр", - делінген ведомствоның баспасөз қызметі ұсынған ресми мәліметте.
Еске сала кетейік, Абайдағы өртке байланысты жедел штаб отырысында Тоқаев вице-министрді сынға алып, "қызметін орындауға немқұрайлы қарады" деген еді.
Пікір қалдыру