Қордайда су мұнарасын салуға бөлінген ақша шенеуніктердің қалтасында кеткен.
Су мұнарасының құрылысымен коммуналдық шаруашылық бөлімінің бұрынғы жетекшісі, "Қордай су" мекемесінің басшысы мен жеке кәсіпкер айналысқан. Алайда прокуратура мұнараның салынбағанын анықтады. Бюджеттен бөлінген 12,3 миллион теңгені шенеуніктер өзара бөлісіп алған.
Сот нәтижесінде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы 8 жылға, кәсіпкер 3,5 жылға сотталды. Ұрланған ақша мемлекетке қайтарылды.
Пікір қалдыру