Шымкенттегі гүл дауы: Басқарма басшысы жұмыстан шығарылды

/image/2023/08/16/crop-8_25_671x1192_cdb38f20-b921-4df0-9290-89c665d934bd.jpeg

Шымкенттегі гүл дүкеніндегі болған жағдайға қатысы бар мемлекеттік қызметкер жұмыстан шығарылды. Бұл туралы Otyrar.kz порталы жазды.

Еске сала кетейік, әлеуметтік желіде Шымкенттегі гүл дүкендерінің бірінде дүкен жұмысшыларына белгісіз біреудердің күш көрсеткен видеосы тараған болатын. Ішкі істер министрлігі олардың арасында полицейдің де болғанын растаған. Кейін олардың арасында Еңбекші ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Данияр Елқонды болғаны анықталды.

"Мемлекеттік қызмет істері агенттігі қызметтік тергеу жүргізіп, тәртіптік жазаға тартуды зерделеу үшін шаралар қабылдауды тапсырды. Бүгінде Данияр Маратұлы Елқондының өзі өтініш жазды. Соның негізінде ол қызметінен босатылды. Заңға сәйкес, оның мемлекеттік қызметтен өз еркімен кетуіне ешқандай кедергі болмаған" - деп жазылған хабарламада.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар