18 Қыркүйек, 2023 NEWS
Фото: Ашық дереккөз
Ресейдің Украинаға басқыншылығын қолдайтын "Непара" тобы Қазақстанға концерт қоюды жоспарлап отыр. Ресейлік әншілер 27 қазанда Астана қаласында, 28 қазанда Алматы қаласында концерт өткізбек.
"Непара" – ТМД елдеріне танымал ресейлік поп-группа. Бұл топтың әншісі Александр Шоуа бұған дейін Ресейдің Украина қарсы соғысын сынға алып, елден кетуге мәжбүр болған әртістерді сынға алған. Оның айтуынша әр әнші өз елінің патриоты болуы керек.
Еске салсақ, Қазақстанда өнер көрсетпекші болған бірнеше "Z" әншілер мен әзілкештердің концерті халық наразылығынан кейін тоқтатылған еді. Жақында ғана Ресей басып алған Донецк қаласында жеке концерт өткізіп, Ресей-Украина соғысын ашық қолдап жүрген "Камызяки" командасының концерті тоқтатылған еді.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір