Онысы дұрыс. Қазақ Украинаны жақтайды

/image/2023/09/18/crop-379_212_308x411_110751801900.jpg

Қазақстан ақырын басып, анық көтеріліп келе жатыр. Қазақстан халқының антиресейлік көңіл-күйі үдеп, ол тіпті сағат сайын күшейіп барады.

Ресей баспасөзі баяғы байбаламына басып жатыр, ЦРУ мен USAID кінәлі, «русофобия шоғын солар үрлеуде» деп.

Шындығында, орысқа сорпасы қосылмайтын нейтралды елдердің Ресейден теріс айналуы шынайы, табиғи құбылыс, жөні дұрыс, дені сау елге тән шешім.

Өйткені Ресей садизмнің, иттік пен маразмның шегіне жетті. Ол жанындағы жақын көршісі мен алыстағы алыс көршісі түгілі, барша адамзатқа қауіпті болды.

Путиннің мәнсіз соғысының арқасында Ресейдің қандай екені әбден көрінді. Орыстың расизмі жалаңаш күйінде анық көрінді көзімізге.

Ресейдің қаншалықты қанішер, қандай өтірікші екенін жалпақ дүние түгел түсінді. Ресейдің пропагандасы әлемге күлкі болды.

Бүкіл әлемнің алдында осынша жиіркенішті құбыжық көрінуі үшін Ресей бәрін өзі-ақ істеді. Енді әлем бірігіп, Ресейді теуіп, одан бірдеңе қылып құтылуға мәжбүр, басқа амал қалмады.

Ресейден қауіптенетін Қазақстан бәрін дұрыс ұғып тұр. Қазақтыкі дұрыс.

(Бұл – ресейлік публицист Александр Невзоровтың айтқаны)

@nevzorovtv

Фото: @nevzorovtv

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар