15 Наурыз, 2024 Барлық аймақтар
Алматы барахолкасы бойында "Сергектер" пайда болады
Наурыз айының соңына дейін "Сергек" бейнебақылау камералары орнатылады
Фото: Gov.kz
Алматы әкімі Ерболат Досаев Алатау ауданының тұрғындарымен кездесу барысында осындай тапсырма берді. Тұрғындар Солтүстік айналма жолын ретке келтіруді және ретсіз көлік тұрағына тыйым салуды сұрады. Қала тұрғындарының айтуынша, бұл аумақтағы жол қозғалысы ережесін такси жүргізушілері елемейді.
- Биыл Алатау ауданында барлығы 37 "Сергек" камерасын орнату жоспарланған. Соның бірін наурыздың аяғына дейін Солтүстік айналма жолына орнатуды тапсырамын, - деді Ерболат Досаев.
Айта кетсек, 2024 жылы Алматыда барлығы 10 мыңға жуық бейнебақылау камерасын орнату жоспарланған.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір