• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

04 Қазан, 00:15:19
Алматы
+8°

Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі

Сархат Бейсенова Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы – ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері болып тағайындалды. Бұл туралы үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.

Өмірбаяны

Сархат Бейсенова 1972 жылы Ақмола облысында дүниеге келген. Қарағанды мемлекеттік медицина институтын, Тұран-Астана университетін бітірген.

Еңбек жолы

1989 жылы Ақмола облыстық онкология диспансерінде санитар болып бастаған.

Әр жылдары Ақмола қаласы Санитариялық-эпидемиологиялық стансасының дәрігер-эпидемиологы, департаменті бөлімінің басшысы, Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы, Астана қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті басшысының орынбасары қызметтерін атқарған.

2019-2020 жылдары — Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты Астана қаласы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары, 2020 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін — Астана қаласы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы болған.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: бас санитар

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір