Түркістан облысында әскери қызметкер қол салмақ болып өзін басынан атқан

/image/2024/09/17/crop-65_18_589x1047_full_1650854851dd56fe54d14d2d78175218b34c17c207.jpg

Арыс гарнизонындағы әскери бөлімде келісім-шартпен қызмет етіп жатқан әскери қызметші өзіне қол жұмсамақ болған.

Шымкент гарнизоны таратқан ақпаратқа қарағанда, қызметкер тәуліктік кезекшілігі кезінде травматикалық қарумен өзінің басынан атып суицид жасамақ болған. Ақпаратта әскери қызметкер отбасылық мәселелерге байланысты өзіне қол салмақ болғаны айтылады.

Әскери қызметкер аудандық ауруханаға жеткізілген. Жағдайы тұрақты ауыр, десе де өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тексеру жүріп жатыр.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар