Геннадий Головкин өз қарсыласын атады (ВИДЕО)

/uploads/thumbnail/20170708215746356_small.JPG

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкиннің кезекті қарсыласы – 25 жасар американдық боксшы Доминик Уэйд. Бұл туралы Геннадий Головкин өзінің Twitter мен Instagram парақшасында мәлімдеді.

«Ресми мәлімдеймін. 26 сәуір күні «Форумда» (Лос-Анжелестегі арена – ред.) Доминик Уэйдпен кездесемін. Өз імнің көптеген жанкүйерлерім мен достарымның көз алдында жекпе-жекке шығатыныма өте қуаныштымын. Уэйд – аш қарсылас. Мен жақсы жекпе-жек көрсетем деп сенемін», - дейді ол.

Доминик Уэйд – IBF титулына ресми үміткер. Ол кәсіпқой бокста 18 кездесу өткізіп, оның барлығында жеңіске жетіп, 12-ін мерзімінен бұрын аяқтаған.  

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар