Алматы басшылығы сотталғандарға қар күретті

/uploads/thumbnail/20170708215756903_small.jpg

Алматы көшелерін қалың жауған қардан тазалауға сотталғандар да жұмылдырылды, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы Жетісу аудандық прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қолданыстағы заңнамаларға сәйкес, бас бостандығын шектеу жазасы қолданылған тұлғалар, егер тұрақты жұмыс орны немесе оқуы болмаса жергілікті атқаруші органдар белгілеген жұмыстарға мәжбүрлеп жұмылдырылады. Бұл тоқпа жүкті әйелдер, кәмлеттік жасқа толмағандар,ғ, 3 жасқа дейінгі баласы бар әйелдер мен 3 жасқа дейінгі балаларды жалғыз тәрбиелеп отырған ер кісілер, 1,2-топтағы мүгедектер мен зейнет жасындағы азаматтар кірмейді.

Пробация қызметі таратқан мәлімет бойынша алматының Жетісу ауданында 10 бас бостандығы шектелген азамат тұрады. Сол азаматтар аудан әкімдігінің белгілеуімен «Құлагер» ықшам ауданындағы Серіков көшесі бойын қардан тазалады. Бұл жұмыс 10 ақпан күні түскі сағат үштен кешкі алты аралығында атқарылған.

Аудан тұрғындары сотталғандарға атқарған жұмыстары үшін алғыс білдіргені айтылады аудандық прокуратура таратқан хабарламада.

 

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар