СЕРІК АХМЕТОВТЫҢ АПЕЛЛЯЦИЯЛЫҚ СОТЫ 10 НАУРЫЗДА ӨТЕДІ (ВИДЕО)

/uploads/thumbnail/20170708222205395_small.jpg

Жемқорлық қылмыстар жасады деп айыпталып,  жылға бас бостандығынан айрылған Қазақстанның экс-премьері Серік Ахметовтың аппеляциялық соты  наурызда өтетін болды. Бұл туралы «Қамшы» порталы NUR.kz- ке сілтеме жасап хабарлайды.

Сондай-ақ, апелляциялық коллегия отырысы алдыңғы сот отырыстары өткен арнайы мамандандырылған сот ғимаратында өтетіні белгілі болып отыр.

«Қарағанды облыстық сотының залына сот процесінің барлық қатысушылары мен журналистер симайды. Сондықтан, аппеляциялық сот отырысын алғашқы инстанциядағы сот отырыстары өткен қылмыстық істер бойынша арнайы мамандандырылған сот залында өткізу туралы шешім қабылданды», - делінген сот хабарламасында.

Алғашқы сот инстанциясында Серік Ахметов  мүлкін тәркілей отырып, 10 жылға, Қарағанды облысының бұрынғы әкімі Бауыржан Әбдішев 5 жылға, Қарағанды қаласының әкімі Мейрам Смағұлов 3 жылға, Қарағанды қалалық жер қатынастары бөлімінің бастығы Ернар Дәрібеков 3 жылға, «Метуллургия және метал өңдеу» өндірістік паркінің бұрынғы директоры Анатолий Эссе 7 жылға, оның орынбасары Оразалы Айменбетов 3,5 жылға, Қарағанды қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары Айдар Телғарин 4 жылға, «ҚазАгро» холдингінің бұрынғы басқарма төрағасы Дулат Айтжанов 3 жылға бас бостандығынан айрылған болатын. Бұлардан басқа да бірқатар лауазымды тұлғаларға шартты жаза қолдану туралы үкім шығарылған еді.

Серік Ахметовпен бірге бас бостандығынан айрылған Қарағанды облысының бұрынғы әкімі Бауыржан Әбдішев, Қарағанды қаласының әкімі Мейрам Смағұлов та аппеляциялық шағым түсірген болатын.

 

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар