Бүгін Астанадағы Орталық коммуникациялар қызметінде брифинг өткізген Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Бейбіт Атамқұлов тұтқынғдалған шымкенттік кәсіпкер Т. Төлешов туралы пікір білдірді, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы.
«Бұл оқиғаның республика деңгейіндегі емес, біздің өңір үшін ғана шулы оқиға дер едім. Бұл мәселеге, әрине, құқыққорғау органдары көбірек тоқтала жатар», - деген облыс басшысы кәсіпкерге тиесілі сыра зауыты жұмысшыларының еңбекақы мәселесін жіті назарда ұстап отырғандарын айтты.
«Кәсіпорын жұмыс істеп тұр. Былтырғы жылы желтоқсан айына дейін жұмысшыларына 27 миллион теңге қарыздары болған. Қазір бұл сома азайып келеді. Осы күнге дейін 10 миллион теңгесі төленген. Бұл және маусымдық мәселе. Қыс айларында олардың өнімдері қысқарады. Мәселені еңбек инспекциясы бақылап отыр», - деді Б. Атамқұлов.
Пікір қалдыру