Елбасы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді

/uploads/thumbnail/20170708222309005_small.jpg

 

Бүгін Ақордада Президент Н. Назарбаевтың төрағалығымен Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы өтті, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы.

Кеңес отырысында 2015 жылы бекітілген Қазақстанның ұлттық қауіпсіздік стратегиясының негізгі бағыттарын жүзеге асыру жайы сөз болды.

Елбасы Н. Назарбаев әлемдік экономикалық қиындықтарға қарамастан мемлекет халық алдындағы әлеуметтік міндеттемелерді орындаудың барлық жолдарын қарастыратынын айтты. Сын-қатерлер мен тәуекелдердің қатарында Президент ғаламдық факторлардың экономикалық өсімге ықпалын, діни-экстремистік және лаңкестік сипаттағы қатерлерді атап өтті.

Жиында Қауіпсіздік Кеңес хатшысы Нұрлан Ермекбаев, Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова, Ішкі істер министрі Қалмұхамбет Қасымовтың баяндамалары тыңдалды.

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар