Мәскеуде 93 жастағы кейуана бесінші қабаттан құлап мерт болды (ВИДЕО)

/uploads/thumbnail/20170708222308005_small.jpg

Өз-өзін өлтірмекке бел байлаған 93 жастағы Мәскеу тұрғыны бесінші қабаттағы пәтердің терезесінен секіріп кеткен, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Әйел алған жарақаттарынан оқиға орнында мерт болды. Құтқарушылар зейнеткерден секірмеуін сұрағанына қарамастан, қайғылы оқиға орын алған. Бір кезде өз-өзіне қол жұмсамақ болған әйелді секірмеуге көндіргендей де  болды, бірақ терезе жақтауына шыққан әйелдің аяғы тайып кетті.

Оқиға орнына келіп жеткен дәрігерлер өлім фактісін тіркеген. Әйелдің жақын-жуықтары оның бұған дейін өзі үшін өмір сүрудің мәні жоқ екенін айтып жүргенін атап өткен. 

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар