Алматыда ҰҚК шекара қызметі «Шығыс» басқармасының офицері атыс қаруынан алған жарақат салдарынан қайтыс болды,- деп хабарлайды «Қамшы» порталы Алматы гарнизонының әскери прокуратурасына сілтеме жасап.
Бүгін әскери прокуратура шекара қызметі «Шығыс» аймақтық басқармасының офицері жараланды деп хабарлаған болатын. Артынша әскери қызметшінің қайтыс болғаны расталды.
«Ол қайтыс болды. Сотқа дейінгі тексеру жүруде. Бұл суицид болуы мүмкін», - дейді Алматы гарнизонының әскери прокуроры Серік Асқаров.
Пікір қалдыру