Алматыда Қырғызстаннан әкелінген көліктерге жалған құжат жасап, саудалаумен айналысқан қылмыстық топ әшкереленді, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Алматы қаласының екі тұрғыны ресми түрде Қырғыз Республикасында тіркелген көліктерді Қазақстанға арзан бағада әкеліп, оған жалған құжат жасап нарықтық бағада сатумен айналысып келген. Ол үшін оргтехниканың көмегімен қажетті техқұжат, сенімхат т.б. құжаттарды 2 сағат ішінде жасап отырған. Арасында ұрланған көліктерге де құжат жасаған. Оны сатып алған азамат көліктің заңды тіркелгеніне еш күмән келтірмеген», - деді Медеу аудандық ІІБ полиция бөлімі басшысының орынбасары Дәулет Сәмбетов.
Полицейлер күдіктілердің баспанасынан қылмыстық бағытта пайдаланылған оргтехниканы тапты.
Қазір олар уақытша қамау изоляторына жіберілді.
Алаяқтардың бар-жоғы 20 көлікті осылай сатқаны анықталды.
Пікір қалдыру