5 наурыздан бастап Шығыс Қазақстан облысының Зайсан, Күршім, Тарбағатай аудандары мен Самара ауданының тұрғындары жұмыс күнін бір сағат ерте бастайды.
Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданының әкімі Дархан Жөргекбаевтың айтуынша, жұмыс уақытын бір сағат бұрын ауыстыру идеясын барлық 28 ауылдық елді мекеннің тұрғыны яғни 18,4 мың адам қолдаған.
Зайсан ауданында 33 елдімекен бар, онда 35 мыңнан астам адам тұрады. Зайсан ауданының әкімі Аэлита Ахметсәлімқызының айтуынша, уақытты өзгерту туралы ұсынысты халық қуана қолдаған.
"Бұл шешімді қабылдамас бұрын әр ауылдық округте жиын өткіздік, тұрғындар бұл идеяны қолдады. Өйткені Зайсан ауданы Шығыс Қазақстан облысының шығыс шекарасына ең жақын орналасқандықтан, бұл жерде күн ертерек шығады. Сондықтан жұмыс күні сағат 08:00-де басталып, 17:30-де бітсе, балалармен уақыт өткізуге мүмкіндік болады, – деді Зайсан ауданының Аэлита Ахметсәлімқызы.
Пікір қалдыру