ГЕНЕТИКАЛЫҚ ТІЛ БІЛІМІ ТУРАЛЫ ҒЫЛЫМИ ЕҢБЕК ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

/uploads/thumbnail/20170708223203282_small.jpg

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде «Тіл генетикасы: тілдік таңба-нышандық жүйе» атты ғылыми еңбек таныстырылды, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы.

Еңбек авторы Қорқыт Ата атындағы Қызылода мемлекеттік университетінің доценті, ф.ғ.к. Шанжархан Бекмағамбетовпен болған кездесуге университеттің оқытушылары мен студенттері қатысты.

«Үш Қиян» баспасынан шыққан еңбек авторы қазіргі қалыптасқан тіл тарихы ғылымы мен жалпы тіл білімі ғылымының, яки қалыптасқан тіл философиясының аталмыш мәселені шешуде мүлде дәрменсіз болып отырғанын айта келіп, өзінің мәселеге мүлде басқаша, жаңаша тұрғыдан келгендігіне назар аударды. Оның айтынша, мынандай парадокстер бірден көзге түседі екен:

  1. Әдетте, қазіргі тіл білімі ғылымында тіл пайда болуы кездейсоқ құбылыс ретінде түсіндіріледі де, негізгі тілдік бірліктер (сөздер) тек қана шартты белгілер (Ф. де Соссюр) деп қабылданады. Бірақ, екінші жағынан, «Тіл мен ойлау өзара тығыз байланысты...» екені де дәріптеледі. Сонда кездейсоқтық пен саналылықтың қайсысына сену керек?
  2. Орта мектептер ғана емес, ЖОО - ларда да тіл дыбыстарында мағына жоқ, ал сөздерде  мағына бар», - дейміз, сонда «жоқтан»  «бар» пайда болғаны ма? Тіл дыбыстары сөз жасайтын кірпіштер ме, әлде...
  3. Тіл дыбыстарын дауысты және дауыссыз деп бөлу үрдісі қалыптасқан, шынында, «дауыссыз» дыбыс бола ма? Мәселеген генетикалық тұрғыдан қалай келу керек?
  4. Қазіргі түсініктегі «түбір» және «негіз» терминдерінің шынайы табиғаты қандай? Түбір қайдан шықты? Негіз, нәт ұғымдарын тілдік тұрғыдан қалай түсініп жүрміз? Орыс тіл біліміндегідей «основа – неизменяемая часть слова, которая выражает его лексическое значение» деген түсінік тілдік негіз ұғымына сай келе ме?
  5. «Тіл – таңбалық жүйе» болып есептеледі де, негізгі тілдік таңба деп «сөз» танылады. Төңірегінде өзге де орасан көп дау-дамай жүрген осы көзқарасқа сенсек, бір тілдің өзінде қанша мыңдаған таңбалар болар еді... Ал түркілік ұғымда аса киелі (сакральды) саналатын таңба ұғымын бұлайша жайдақ түсіну тілдің шынайы табиғатын тануға емес, шатыстыруға әкелмей ме? Орыс тіліндегі «знак языковой» ұғымын қазақ тіл білімінде «тлдік таңба» деп атап, қалайша қателестік?

Тіл біліміндегі сан алуан сауалдар төңірегіндегі мәселелерді қозғаған автордың ғылыми лекциясы тыңдарман қауым тарапынан да ерекше қызығушылық туғызды.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар