Британдық басылым ең әдемі банкноталардың рейтингісін жариялады. Қазақстанның 10 000 теңгелік купюрасы әлемнің ең әсем банкноттарының қатарына кірді, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы.
15 ең әсем ұлттық банкноталарының жинағын британдық The Telegraph газеті даярлады.
Топ-15-ті 2003 жылғы тау аясында барыс бейнеленген купюра бастап тұр. Екінші орында Оңтүстік Африка рэнді, ал үшінші орында – жаңазеландиялық доллар тұр.
Естеріңізге салсақ, теңгенің дизайн бойынша ең әсем купюра ретінде және жалған ақшадан қорғанысы ең қауіпсіз жағынан танылуы алғаш емес. 2014 жылы мамырда 1 000 теңгені Халықаралық банкнот қоғамдастығы ең әдемі деп таныған. Сол жылы осы банкнотты сарпшылар әлемдегі ең үздік ақша деп таныған.
Пікір қалдыру